Еңбекшіқазақ ауданында 2 орта мектеп күрделі жөндеуден өтті
Общество   04.11.2020   423
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданында 47 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда 420 орындық "Аймен" орта мектебі мен Жандосов атындағы 600 балаға арналған орта мектептің жөндеу жұмыстары аяқталуда. "JETISÝ MEDIA" көшпелі брифингінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев аталған мемлекеттік бағдарлама аясында қандай жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлады.
Еңбекшіқазақ ауданында су құбырының құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталмақ
Общество   04.11.2020   344
Мемлекеттік саясатты іске асырудағы басты міндеттердің бірі халық үшін сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету. Олардың арасында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданында топтық су құбырының құрылысы жүргізілуде, ол ауданның 9 елді мекеніне, соның ішінде Есік қаласына су жеткізетін болады. Яғни, ауданның 105 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі. Мұндай мәліметтерді "JETISÝ MEDIA" көшпелі баспасөз конференциясы барысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібеков айтты.
Еңбекшіқазақ ауданында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ашылады
Общество   04.11.2020   345
Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінде 50 орындық жаңа дәрігерлік амбулатория ашылмақ. Айта кету керек жаңа медицина мекемесінің құрылысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілуде. Аталған бағдарлама бойынша нысанда 62 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған, ал жақын арада нысан толғымен пайдалануға беріледі. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA" көшпелі баспасөз конференциясы барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев мәлімдеді.
Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет үйін жөндеуге 572 млн. теңге бөлінді
Общество   04.11.2020   405
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Есік қаласындағы аудандық мәдениет үйін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 572 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстарының 80% аяқталды. Бұл туралы "Jetisý Media" көшпелі баспасөз конференциясы барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев мәлімдеді.